Қорғаныс министрлігі IT-жобаларының байқауын жариялады

0
66

Defense Tech 2.0 байқауын Қорғаныс министрлігінің еншілес ұйымы – «Қазақстан ГАЖ Орталығы» АҚ Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркімен бірлесіп жүргізеді.

Байқау қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы креативті технологиялық шешімдерді іздеуге бағытталып отыр. Оны өткізу, біріншіден, уақытты қысқартады және нарықты зерттеуге, серіктестер табуға қажетті адам ресурстарын үнемдейді, екіншіден, инновациялық кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады.

– Жарияланған конкурс шеңберінде біз қорғаныс ведомствосының мүддесіндегі ақпараттық жүйелерді құру үшін IT-мамандарға орындауды ұсынатын техникалық тапсырмалар жұмыс істейді, – деп түсіндірді Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев.

Әзірлеушілерге үш бағыт бойынша технологиялық шешімдер жасау ұсынылды. Біріншісі – курсанттар мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер арасындағы әскери тәртіпті қамтамасыз етуді бағалау және талдау. Оған «тамақтану сапасын бақылау», «заттай мүлікпен қамтамасыз етуді бағалау», «әскери тәртіпті бағалау» модульдері де кіреді. Екінші бағыт жоғары оқу орындарына оқуға грант алу үшін мерзімді қызметтегі сарбаздарды іріктеу критерийлері бойынша көпфункционалды платформаның нұсқасын жасауды көздейді. Үшіншісі – Deftech порталын әзірлеу болып табылады.

Қорғаныс министрлігі дайындаған техникалық тапсырмалар Astana Hub сайтында жарияланды: https://astanahub.com/ru/tech_task/khakaton-v-sfere-oborony-i-bezopasnosti-defense-tech-2-0. Іріктеу туры осы жылдың 28 қарашасында өтеді. Жеңімпаздар бағдарламалық өнімдерді таныстыру және оларды қосымша зерделеу қорытындыларына қарай анықталады.

Аталған байқау жеңімпаздарының жобалары әрі қарай келісімшартқа қол қоя отырып тапсырыс берушінің базасында пилоттық режимде іске қосылатын болады.

Сайысқа 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары, IT-компаниялар, пилоттық жобаны іске асыру үшін жеткілікті ресурстары бар стартаптар қатыса алады. Таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа және онымен жұмыс істеуге рұқсат беру келісіммен ресімделеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here