«A-bluse» ВИА студенттік тобы фин халық әнімен әлемдік трендке енді (видео)

0
1255

Абай университетінің «A-bluse» ВИА студенттік тобы «Полька Евы» фин халық әнімен әлемдік әлеуметтік желілерінің трендіне енді. Топтың орындауындағы видео 70 миллионнан астам қаралым жинап, Instagram және TikTok желісінде әлем бойынша таралуда. Студенттердің өнеріне пікір білдіргендер мен тамсанғандар арасында тек қазақстандықтар ғана емес, түріктер, еуропалықтар, финдер, поляктар мен американдықтар да болды.

Оқырмандардың назарын аударған «A-bluse» тобының вокалист және гитаристі Илиас Исмаилов Түркістан облысы Ордабасы ауылының тумасы. Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім» мамандығының 3-курс студенті. Илиас тек талантты орындаушы ғана емес, сонымен қатар ерекше стиль мен харизмаға ие. Бұған дейін республикалық музыкалық байқаулардың жеңімпазы болған. Тәлімгері – «A-bluse» вокалды-аспаптық ансамблінің жетекшісі, оқытушы Касимов Нұржан.

Илиас әлеуметтік желіде де танымал. Оның Instagram парақшасында 201 мың, ал TikTok желісінде 309,4 мың оқырманы бар, жазбалары жалпы саны 11,9 миллионнан астам лайк жинаған.

«A-bluse» тобы мен Илиас Исмаилов өздерінің ерекше таланттарымен және музыкаға өзіндік көзқарастарымен жанкүйерлердің жүрегін жаулап алуды жалғастыруда. Бұл жас шығармашылық топты жаңа биіктер күтіп тұр.

2024 жылдың 15 қаңтарында Илиас Исмаиловтың «D.Y.L.M?» (did you love me?) жеке әні мен бейнебаяны жарық көрді.  Бұл бейнебаянға оның достары, Абай университетінің студенттері де қатысып, домбыра мен сыбызғы тартуда өз өнерлерін көрсетті. Айта кету керек, «D. Y. L. M?» әнінің музыкасын Илиас өзі жазған.

Abai University «D.Y.L.M?» бейнебаянына сілтеме:

https://youtu.be/rPD6OMoFxrI?si=vs8cT_m14vfA1zC9.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here