Елорда күні халықаралық әскери оркестрлер фестивалі өтеді

0
354

Оған Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан және Жапония Қарулы күштерінің әскери-музыкалық ұжымдары, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің және Ұлттық ұланның әскери оркестрлері қатысады.

Қорғаныс министрлігі мен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырып отырған бұл фестиваль мәдениетті дамытуға, бейбітшілік идеяларын ілгерілетуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

– Әскери оркестрлер фестивалін өткізу туралы ұсынысымызға сегіз ел қолдау білдірді. Бұл олардың бірегейлігін көрсетіп, танымал әуендер мен композицияларды орындау арқылы шығармашылық мүмкіндігін паш етуге жол ашады. Фестиваль қызықты өтетініне сенімдімін, – дейді Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов.

Алтыншы шілде күні сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін Band Marathon өтеді. Есіл өзені жағасындағы жазғы амфитеатр сахнасында бес жүзге жуық музыкант қатысатын он бір музыкалық ұжым өнер көрсетеді.

Келесі күні сағат 21.00-да Астананың бес алаңында әскери оркестрлер бір сағаттық «Перфоманс шоу» ұйымдастырады. ЭКСПО аумағында, «Бәйтерек» монументінде, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында, орталық саябақта және ботаникалық бақта оркестр өнері шеберлерінің жарқын музыкалық композицияларын тамашалауға болады.

Іс-шаралар «Барыс Арена» көпбейінді мұз сарайында өтетін «Астана мәдениет керуені» гала-концертімен аяқталады. Онда Елорда қонақтары мен тұрғындары қызықты музыкалық-театрландырылған қойылымның куәсі бола алады. Концертте әскери, классикалық, халықтық және эстрадалық әуендер шырқалады. Бірлескен нөмірлер, оркестрлер дефилесі, сондай-ақ қарумен көрсетілімдік қойылымдар ұйымдастырылады. Бұл жылдың ең жарқын және есте қаларлық көріністерінің бірі болмақ.

Басталуы сағат 12.00-де. Кіру тегін.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here