Токио Мәскеуге санкция салқынын биыл да тигізетінін хабарлады

0
84

Жексенбі күні Жапония премьер-министрі Украинадағы соғысқа байланысты Ресей Федерациясының азаматтары мен ұйымдарына қарсы санкцияларды кеңейту ниетін жариялады. Жапон премьердің айтуынша, Киевті қолдау 2024 жылы Токио басымдықтарының бірі болып қала береді.

NHK World корпорациясының хабарлауынша, Фумио Кисида қазір Украинамен ынтымақтасу маңызды екенін айтты, өйткені шайқас алаңдарында қиын жағдай орын алып, қарулы қақтығыс ұзаққа созылды. Жапон премьер-министрі Украинаны қолдау биыл оның кабинетінің басымдықтарының бірі болып қала беретініне сендірді.

«Біз Украина халқының өз болашағы үшін күресте жеңісін қамтамасыз ете алатынымызға әлі де сенімдіміз», – делінген «үлкен жетілік» елдері басшыларының мәлімдемесінде. Олар Ресейдің кірістерін, соның ішінде энергия саудасын азайту үшін шаралар қабылдауға және Ресей Федерациясын материалдық қолдап жатқан үшінші елдерге қарсы санкциялар енгізуге уәде берді.

Айта кетейік, «үлкен жетілік» (G7) елдеріне АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция және Жапония кіреді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here