Еуропалық Одақ наурызда Украинаға 4,5 млрд еуро көмек береді

0
248

Сенбі, 24 ақпан күні Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен кездесуден кейін Киев наурыз айында Еуропалық Одақтан алғашқы қаржылық көмек алатынын айтты. Оның айтуынша, алғашқы төлем 4,5 млрд еуроны құрайды.

«Біз Украинаға 50 млрд еуро көлемінде көмек көрсетудің келесі қадамдарын талқыладық», – деп жазды өзінің Х парақшасында Еуропалық комиссия басшысы.

Оның алдында Урсула фон дер Ляйен Еуропалық Одақ Украинаны қаржылай қолдауды және оған қару-жарақ пен әуе қорғанысын жеткізуді жалғастыра беретінін айтып сендірді.

Айта кетейік, Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишель 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Еуропалық Одақ елдері Украинаға көмек бағдарламалары аясында 130 млрд еуро бөлгенін мәлімдеді. Сондай-ақ, 1 ақпанда Брюссель Киевке 2024-2027 жылдар аралығында 50 млрд еуро көлемінде көмек бағдарламасын бекітті. Оның ішінде 17 млрд еуро грантқа түрінде бөлінеді, тағы 33 млрд еуро несиеге беріледі.

Мадияр ӘЗИЗҰЛЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here