Шымкент қаласының әкімі әскери бөліммен танысты

0
102

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкентте орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған құрамасының аумағында болды. Сапар барысында әскери бөлімнің атқарып жатқан міндеттерімен, оқу-материалдық базасымен және бөлімшелердің тұрмыстық жағдайымен танысты.

Әскери бөлімнің аумағына келген қала әкімі полковник Әмірқожа Айтқожин басқарған бригада басшылығымен кездесті. Бөлім командирінің сүйемелдеуімен қала басшысы бригада аумағын және әскери қалашықты аралады.

Әскери қызметтің маңызды бөлігінің бірі әскери қызметшілердің оқу-материалдық базасы мен тұрмыстық жағдайы болып табылады. Ғабит Әбдімәжитұлы әскери бөлім жабдықталған қару-жарағымен, әскери техникасымен және жауынгерлердің киім түрлерімен танысты. Сонымен қатар казармалық үй-жай мен сарбаздар асханасын аралап көрді. Қала басшысы тұрмыстық жағдайдың жақсаруының арқасында әскери қызметшілер өздерінің кәсіби міндеттерін орындауға шоғырлана алатынын атап өтті.

Ғабит Әбдімәжитұлы әскери қалашық аумағын аралау барысында аумақтың жай-күйіне, жасыл желектерге, сондай-ақ спорт алаңдары мен демалыс орындарының болуына назар аударды. Ол әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына жайлы жағдай жасаудың маңыздылығын қолдайтынын білдірді.

Механикаландырылған құрама аумағына қала әкімінің келуі Шымкенттегі әскери инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай сапарлар әскери және азаматтық билік органдары арасындағы байланысты нығайтуға көмектеседі, олардың қажеттіліктері мен мәселелерін бағалауға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here