Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті QS World University Rankings 2026 рейтингісінде Қазақстанның үздік ТОП-5 және үш негізгі көрсеткіш бойынша әлемнің 500 жетекші университеті қатарына еніп отыр. Жаһандық жалпы көрсеткіште өзінің ТОП-700-дегі позициясын сақтап қалған оқу ордамыз халықаралық академиялық аренадағы абырой-беделінің нығайып келе жатқан көрсетеді.
Биылғы жылы аса жоғары бәсекелестік жағдайында өткен рейтингте 106 елден 8467 ЖОО бақ сынады. Оның тек 1501 қорытынды тізімге енгізілді – KazNARU өзі жинаған интегралдық балл бойынша 18,8-ден 25,1-ге дейін көтерілді.
QS 2026 рейтингісіндегі KazNARU негізгі жетістіктері:
– Оқытушылар мен студенттердің арақатынасы бойынша әлемдегі үздік ТОП-500 университеттің ішінде – 91-ші орын. Білім беру сапасын арттыра отырып, әр студентті жеке қолдаудың жоғары деңгейін 13 позицияға жақсартты.
– KazNARU өз студенттерінің халықаралық құрамы бойынша 499-шы орынды иеленіп, 10 позицияға көтерілді. Бұл университеттің Орталық Азия бойынша шетелдік студенттер үшін тартымды академиялық орталық болып қала беретінін және өзінің жаһандық бағдарланған жоғары оқу орны мәртебесін нығайтып келе жатқанын дәлелдейді.
– QS рейтингіндегі KazNARU жұмыс берушілер арасында 499 орыннан көрініп, бағасы 18 позицияға өсті. Бұл көрсеткіш салалық әріптестермен тығыз өзара іс-қимылдың жүйелі жүргізілетінін және қазіргі заманғы аграрлық экономиканың сын-тегеуріндеріне университет түлектерінің әрқашан дайын екендігін көрсетеді.
Қосымша: шетелдік студенттердің сапалық индексі бойынша 550-ші орынды иеленуі – бұл жаһандық ашықтық пен рухани ортаның әлемдік стандарттарға сай дамығанын дәлелдейді.
Әлемдік QS 2026 рейтингісінде KazNARU-дың өз позицияларын нығайтуға бағытталған бұл озық жетістіктері – командалық бірліктің, халықаралық ынтымақтастықтың, нақты жоспарлау мен аграрлық ғылымды жаһандық деңгейде дамытудағы университеттің жарқын қадамдарының нәтижесі!
KazNARU ұжымын әлемдік деңгейдегі абыройлы жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз және сүйікті университетімізге алдағы уақытта да жаңа биіктіктер тілейміз!
KazNARU Баспасөз қызметі