Тұңғыш рет кітапханашы ақындар арасында жыр мүшәйрасы өтті

0
1598

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы тұңғыш рет  кітапханашылар мен  кітапхана саласында қызмет ететін ақындар арасында «Абайдың алып айдыны» тақырыбында республикалық жыр мүшәйрасын ұйымдастырды.

Іс-шара Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Байқаудың мақсаты – мәдениет пен әдебиетті, ұлттық ғылым мен өнерді қолдау, кітапхана мен кітапханашы еңбегін насихаттау.

Жыр додасына еліміздің түкпір түкпірінен 100-ге жуық үміткер өтінім жіберіп, ақтық сында 75 қатысушы өзара бақ сынады.

Жыр мүшәйрасының жүлдегерлері мен арнайы номинация иелеріне арнайы ақшалай сыйлықтар мен дипломдар, «Абай – 180 жыл» мерейтойлық төсбелгілері табысталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here