Таразда «AUYL CUP» ұлттық пікірсайыс турнирі өтті

0
727

Тараз қаласында 2025 жылғы 20-21 маусым күндері елімізде алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған «AUYL CUP» ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» ұранымен өткен бұл ерекше зияткерлік дода Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің қабырғасында ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты

Турнирдің басты мақсаты – ауыл жастары арасында сыни ойлау, шешендік шеберлік пен азаматтық белсенділікті дамыту, ауыл мәселелерін зерделеп, сол проблемалар бойынша өз ойларын еркін жеткізе алатын тұлғаларды тәрбиелеу.

Қатысушылар тек ауыл мен ауыл шаруашылығына байланысты қарарлар бойынша пікір таластырды. Мысалы, киік популяциясын бақылау, ГМО мәселесі, агротуризм, химиялық тыңайтқыштарды шектеу секілді өзекті тақырыптар қызу талқыланды.

Ғабит Мүсірепов: «Ауылда өскен баланың жүрегінде даланың кеңдігі мен аспанның биіктігі бар», – деген. Бұл турнир – дәл сондай ауылда өскен дарынды жастардың алаңы болды.

Қатысушылар және формат

Республика бойынша өткен аймақтық іріктеу кезеңіне 125 фракция (250 оқушы) қатысып, оның ішінен 20 үздік команда ұлттық финалға жолдама алды.

Турнир американдық парламенттік форматта өтті.

Финалда екі күн бойы оқушылар 4 раундтық іріктеу мен 1/4 финал, жартылай финал, финал кезеңдерінде өнер көрсетті.

Жеңімпаздар мен үздіктер

І орын – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы
Жүніс Ынтымақ, Калдибаев Ынтымақ

ІІ орын – Атырау облысы, Исатай ауданы
Өтепқали Жігер, Уәлижан Альмира

ІІІ орын – БҚО, Бәйтерек ауданы
Увалиева Айгерім, Төремұрат Гүльден

Үздік спикер – Дәуірхан Айнұр (Алматы облысы, Шамалған ауылы)

Үздік төреші – Өмірбеков Дархан

«AUYL CUP» турнирі – ауылдан шыққан дарынды жастарға арналған алғашқы ұлттық деңгейдегі пікірсайыс алаңы ретінде есте қалды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here