Жолдау сабақтастықтың сақталуын талап етеді

0
1493

Президент Жолдауында тәуелсіздіктің төртінші онжылдығының оңай болмайтынын атай келе, қазіргі қиын-қыстау кезеңде атқарылатын іс-шараларға жеке-жеке тоқтала келіп, жыл аяғына дейін мемлекеттік бюджеттік қаражатты басқару тұжырымдамасын дайындауды, Ұлттық банк пен Үкіметке инфляция деңгейін 4-6 пайыз қайтаруды тапсырды.Қазіргі қиын кезеңде атқарылатын іс-шараларды тарқата келе, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының 2022 жылға жалғасатынын, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мерзімі 2022 жылға ұзартылатынын жеткізді.

Алдағы уақытта ерекше назарда болатын білім, ғылым, денсаулық сақтау, халықтың әл-ауқатын көтеруге тікелей қатысты негізгі мәселелерге тоқтала келіп, 2025 жылға дейін 2000 мектеп салынады, сапалы білім беруге 1,2 триллион теңге бөлінеді, вакцина қолжетімді болатынын, сондай-ақ азық-түлік бағасын өндірушілерден бастап бірыңғай баға орнату қажет, азық-түлік бағасын бағалауға жауапты мемлекеттік реттеу жүргізу тапсырылатынын айтты. Мемлекет басшысы сонымен қатар «2022 жылдан бастап ең төменгі еңбекақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге өседі.

Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын 20 пайызға артады, жетекші ғалымдарға еңбегіне лайықты еңбекақы төленеді, ғылым саласының нәтижесі үш жылдан бес жылға ұзартылады. Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына сыйақы және грант беріледі, бірыңғай тұрғын үй жүйесі құрылады» деді. Сондай-ақ шикізаттың отандық өндірушілерге қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырылды.Электр энергиясының жетіспеушілігінен туындайтын мәселелер ашық айтылып, одан шығудың жолдарын қарастыру бағыттары да аталды. Өңірлердің дамуына назар аударып, мәселені түбегейлі шешу үшін батыл қадамдар жасау қажет екені де сөз болды. Одан бөлек, цифрландыру бағытында IT мамандарын 100 мыңға жеткізу мақсаты қойылды. Ауыл шаруашылығында қабылданған бағдарламалардың сабақтастық таппай жатқаны да ескерусіз қалған жоқ.

Президент Жолдауы қазіргі жағдайдан шығудың жолдарын нақтылап, оның іске асуын қатаң талап етіп отырған құжат деп, ойымды түйіндегім келеді.

М. БАЙДӘУЛЕТОВ,
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖМ
ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП КАФЕДРАСЫНЫҢ
АҒА ОҚЫТУШЫСЫ, Э.Ғ.К.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here