Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды

0
1012

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстан-Британ техникалық университетінің негізі қаланғанына 20 жыл толуына орай ҚБТУ алаңында «Білім беру технологияларындағы түрленім. Энергетика, IT және бизнес: шарттары мен мүмкіндіктері» халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияда білім беру саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар, отандық және халықаралық ірі компаниялардың көшбасшылары мен басшылары сөз сөйлейді. Бұл ғылым, білім және индустрия саласындағы үрдістерге арналған бірегей диалог алаңы; бизнесте, энергетика саласында және ақпараттық технологияларды дамытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында әртүрлі бағыттағы сарапшылар, зерттеушілер мен практиктер тәжірибесімен бөлісетін платформа.

Іс-шараның негізгі міндеттері – энергетика, бизнес-білім беру және ақпараттық технологиялармен байланысты әдістерді жетілдіруге мүдделі ғылым салаларының кең спектрінде жұмыс істейтін зерттеушілер мен практиктер арасында қарым-қатынас орнатуға арналған диалог алаңын құру. Халықаралық конференцияға білім және ғылым саласындағы мамандар, Ұлыбритания, АҚШ ғалымдары, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академиктері, индустрия және бизнес өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың өкілдері шақырылды.

Спикерлер ретінде Білім және ғылым саласындағы мамандар, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Үндістан, Малайзия, Түркия, ҚХР, РФ, ҚР ғалымдары, Қазақстанның Ұлттық Ғылым академиясының академиктері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, серіктес компаниялар, халықаралық ұйымдар, салалық қауымдастықтар сөз сөйледі.

Конференция жұмысы аралас (офлайн және онлайн) форматта, пленарлық отырыс және энергетика, IT және бизнеске арналған үш секция аясында ұйымдастырылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here