Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Балқашта «Ақнұр» жеке меншік балабақшасы ашылды. Жаңа мектепке дейінгі мекеме 270 балаға есептелген. Ондағы орынды мемлекеттік тапсырыс бойынша алуға болады.
Балабақша ұзақ уақыт бойы бос тұрған бұрынғы Құрылысшылар сарайының ғимаратында орналасқан. Қазір қайта жаңартылған бөлмелер барлық нормалар мен стандарттарға толық сәйкес келеді. Балабақшада үлкен спорт және акт залдары, медициналық блок, жабдықталған балалар ойын алаңдары бар.
2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін 12 топ құрылды. Бүгінгі таңда 176 кішкентай балқаштық балабақшаға қабылданды.
Балалар мекемесінде 61 қызметкер жұмыс істейді – 30 педагог пен тәрбиеші, сондай-ақ 31 көмекші және техникалық персонал. Жаңа мамандар қатарында Балқаш қаласының А. Мусин атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің алты түлегі бар.