Еліміздің 9 облысындағы республикалық маңыздағы жолдардың бөліктері жабылды. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
«Сағат 22:30 ақпаратқа сәйкес республикалық маңызы бар автожолдардың 37 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Тасжолдар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жабылды» делінген ұлттық оператордың хабарламасында.