Қай санаттағы студенттердің жатақхана шығыны өтеледі?

0
372

Үкіметте халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санатына жататын басқа қаладан келген студенттердің жатақханада тұруға жұмсалатын шығындарын субсидиялау мәселесі пысықталып жатқанын айтты премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.

Мемлекет келесі санаттағы студенттердің колледжде және ЖОО-да оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін жылына 29 АЕК-тен (100 050 теңге) аспайтын шығыстарын өтейді:

  • жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;
  • мүгедектігі бар студенттер.

Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерінің мәліметінше, 2022-2023 оқу жылында ЖОО мен колледждерде әлеуметтік осал топ санатындағы шамамен 218,5 мың студент оқиды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here