Айналдырған алты айда Швецияда Құран екі рет өртелді. Стокгольмде қаңтар айының соңында әсіреоңшыл белсенді Расмус Палудан Түркие елшілігі алдында, әлем мұсылмандары Құрбан айтты тойлап жатқан күні Ирактан шыққан иммигрант Салван Момика Медборъярплатсен алаңында Құранды өртеді.
Соған жауап ретінде 20 шілде күні шведтердің әрекетіне наразы болған ирактықтар Бағдадтағы Швеция елшілігінің ғимаратына басып кіріп, оны өртеп жіберді. Елшілік қызметкерлері зардап шеккен жоқ.