Нүкіс пен Ақтау арасы жақындай түсті

0
55

3 шілдеден өзбекстандық «Centrum Air» әуекомпаниясының ұшақтары «Нүкіс – Ақтау – Нүкіс» бағыты бойынша рейс орындай бастады.

Жаңа тұрақты әуе рейсінің ашылуына орай Ақтау халықаралық әуежайында салтанатты іс-шара өтті. Оны Маңғыстау облысының әкімдігі мен Өзбекстанның Ақтаудағы Бас консулдығы ұйымдастырды.

«Centrum Air» компаниясының ұшағы аптасына екі рет жолаушылар тасымалдайды. Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Dunyo» ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл бағыт екі елдің туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here