Үкімет басшысы министрлер мен әкімдерге: Есеп беру, презентация жасау дегенді доғарыңыздар

0
224
Фото: Үкімет

Бүгін, 6 желтоқсанда Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар басшыларына есеп беру, презентация жасауды доғаруды тапсырды.

Үкімет басшысының атап өтуінше, Президенттің «Turkistan» газетіне берген бағдарламалық сұхбаты таяу болашақта Үкіметтің алдында тұрған мақсат-міндеттерді айқындап берді.

– Барлық орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар оларды табысты жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін салып жұмыс жасауы керек. Сөзден іске кірісіңіздер. Кез келген мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарап, бюджет қаражатын барынша үнемдеп, нақты нәтиже берулеріңіз қажет. Ал есеп беру, презентация жасау дегеннің бәрін доғарсаңыздар. Нәтиже болмаса оның бәрі бос әңгіме. Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар. Бұл мәселені шешеміз, – деді Олжас Бектенов. 

Осы ретте Премьер-министр орынбасарларына Президент тапсырмаларының орындалу барысын өз бағыттары бойынша үйлестіруді тапсырды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here