Биыл мамыр айында елімізде 4 мереке тойланады. Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады.
Мамырда бес апта соңы бар. Сол себепті, 10 күн сенбі және жексенбіге сай келіп тұр. Одан бөлек бұл айдағы төрт мерекеде демалыс беріледі.
• 1 мамыр (жұма) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
• 7 мамыр (бейсенбі) – Отан Қорғаушы күні;
• 9 мамыр – Жеңіс күні (9 мамыр сенбіден 11 мамыр дүйсенбіге ауыстырылады);
• 27 мамыр (сәрсенбі) – Құрбан айттың бірінші күні.
Сонда мамыр айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 14 күн демалады. Ал, 6 күндік кестемен еңбек ететіндерге 9 күн демалыс қарастырылған.









