«АСТАНА – ТЕМІРТАУ», «АЛМАТЫ – ҚАПШАҒАЙ», «АЛМАТЫ – ҚОРҒАС» ЖОЛДАРЫМЕН ЖҮРУ ҚАНША ТҰРАДЫ?

0
23

ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 902, 903, 904 бұйрықтары негізінде 26 қаңтардан бастап «Астана – Теміртау» (134 км), «Алматы – Қапшағай» (42 км), «Алматы – Қорғас» (295 км) бағытындағы көлік жолдары жолаушыларға ақылы қызмет көрсетуге көшті.

Сонымен, жеңіл көлік үшін жүретін жолдың төлем көлемі төмендегідей:
– «Астана – Теміртау» бағыты бойынша алдын ала төлеу – 200 теңге, қолма қол төлеу – 400 теңге;
– «Алматы – Қапшағай» бағыты бойынша алдын ала төлеу – 100 теңге, қолма қол төлеу – 200 теңге;
– «Алматы – Қорғас» бағыты бойынша алдын ала төлеу – 300 теңге, қолма қол төлеу – 600 теңге.

Көліктің басқа түрлеріне арналған төлемақы көлемі

Аймақ 16 орынға дейінгі автобус және жүк автомобильдері немесе 2,5 тоннаға дейін көтеретін жүк көлігі 32 орынға дейінгі автобус және жүк автомобильдері немесе 5,5 тоннаға дейін көтеретін жүк көлігі 32 орынға дейінгі автобус және жүк автомобильдері немесе 10 тоннаға дейін көтеретін жүк көлігі 10-15 тоннаға дейін көтеретін жүк көлік автомобильдері 15 тонна-дан артық көтеретін жүк көлігі, сонымен бірге жекпелері

АстанаТеміртау

1 Бір бағытқа арналған бүкіл маршрут үшін

(134 км)

700 теңге 700 теңге 1 350 теңге 2 000 теңге 2 700 теңге

АлматыҚапшағай

2 Бір бағытқа арналған бүкіл маршрут үшін (41 км) 200 теңге 200 теңге 400 теңге 600 теңге 800 теңге

АлматыҚорғас

3 Бір бағытқа арналған бүкіл маршрут үшін (295 км) 1 500 теңге 1 500 теңге 2 950 теңге 4 400 теңге 5 900 теңге

Аталған ақылы жолдар бойынша төлем беру учаскеден шыққан кезде төлем алатын бекеттерде жүргізіледі немесе төмендегі тәсілдермен алдын ала төлеу арқылы жүзеге асырылады: PayWay.kz сервисі, KazDriver мобильді қосымшасы, Kaspi.kz интернет-банкингі, Сбербанк интернет-банкингі, АТФ Банк интернет-банкингі, HalykBank интернет-банкингі, Еуразиялық банк интернет-банкингі, Capital Bank интернет-банкингі, мобильді телефонның тікелей балансы (Kcell, Activ, Beeline), дербес шот (шарт жасау жолымен заңды тұлғаға алдын ала төлемақы аудару), QIWI терминалы, Касса24, Киберплат, Tenge, Wooppay, Salempay, май құю картасы E100.
Жеңіл көлік үшін алдын ала төлеу бекеттердегі бағадан екі есеге арзан саналады.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілі Мәулен Әліповтің айтуынша, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2 бабына сәйкес қоғамдық көліктерден, авто-бустардан және «Жедел жәрдем» көліктерінен ақы алынбайды. Ал, ақылы жол аумағының тұрғындары үшін 1 000 теңгеге бір жылдық төлем картасы ұсынылады. Картаға көлік туралы мәлімет енгізіледі. Сол арқылы ақылы жол аумағында кедергісіз жүріп-тұруға болады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here