БІЛІМ МИНИСТРІ 1 МАУСЫМНАН БАСТАП КІМДЕРДІҢ АЙЛЫҒЫ ӨСЕТІНІН АЙТТЫ

0
86

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап кімдердің жалақысы көтерілетінін айтты.

61 жастағы министрдің айтуынша, бюджет саласындағы жалақысы төмен азаматтардың айлығын көтеруге қарастырылған қаржының 75 пайызы білім саласына беріледі.
«Маусымнан бастап жалақысы көтерілетін негізгі үш топ бар. Біріншісі, еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері. Сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы да өседі. Мәселен, еңбек өтілі 2-3 жылды құрайтын қалада істейтін әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәрбиешілер қазір 55 869 теңге алса, 1 маусымнан кейін 70 859 теңге айлық алатын болады. Ауылдарда айлық 69 837 теңгеден 88 573 теңгеге дейін артады», – деді Күләш Ноғатайқызы.
Сонымен, қалада істейтін тәрбиеші көмекшісінің жалақысы (еңбек өтілі 5 жылға дейін) 54 117 теңгеден 63 904 теңгеге / ауылда 67 713 теңгеден 79 880 теңгеге, еңбек өтілі 2-3 жылға жетіп қалған педагог-психологтар қалада 65 019 теңгеден 81 565 теңгеге / ауылда 81 273 теңгеден 101 957 теңгеге, еңбек өтілі 2-3 жылды құрайтын мұғалімдер қалада 55 480 теңгеден 66 382 теңгеге / ауылда 69 351 теңгеден 82 976 теңгеге дейін өседі.
Жалақысы көтерілетін екінші топ – қосымша көмекші персонал. Яғни, олар балабақшаның қатардағы қызметкерлері, еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехниктер мен электриктер.
Үшінші топ басқарушы персоналға жатады: мектеп директорлары, директорлардың орынбасарлары, балабақша басшылары.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here