ЕКІ ПАЙЫЗДЫҚ ИПОТЕКАНЫ КІМДЕР АЛАДЫ?

0
43

Тұрғын үй алу үшін 2 пайыздық жеңілдетілген ипотека аз қамтылған, көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға беріледі. Бұл туралы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов айтты.  

«Бюджеттен жеңілдетілген несиелеу мақсатында 150 миллиард теңге бөлінеді. Бұл «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 56 мың несие, яғни 56 мың пәтер беруге мүмкіндік береді. Пайыздық мөлшерлемесі – 2%. Несиелендіру мерзімі – 20 жыл. Бастапқы жарнасы – 10%. Сөйтіп, 7 жыл бойы жыл сайын әкімдікте кезекте тұрғандар үшін 40 мыңнан астам жалға берілетін тұрғын үй салынады. Жыл сайын 6 мың пәтер пайдалануға беріледі. Көпбалалы аналар мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және «Батыр ана» атағын алғандар үшін жеке кезек болады. Сонымен қатар, қазір біз тұрғын үй сертификаты бойынша ережелерді әзірлеп жатырмыз. Жергілікті атқарушы органдар арқылы 5 жыл ішінде 85 млрд теңге бөлінеді. Әрбір әкімдік өз мүмкіндігінше қаражат бөледі. Егер бұған дейін осындай қаражаттар дәрігерлер, мұғалімдер, полицейлер үшін «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары бойынша бөлінсе, енді жоғарыда аталған отбасыларға беріледі», – деп түсіндірді Мархабат Жайымбетов.

Айта кетейік, 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғын үй алу кезегінде 487 мың адам тұр.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here