ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

0
79

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының екіншісі – жалақысы төмен азаматтардың салықтық жүктемесін азайтуға бағытталғаны белгілі. «Жа­ла­қысы 25 еселенген ай­лық есептік көрсеткіштің мөл­ше­рінен төмен қызметкер үшін табыс салығының мөлшері 10 есеге азайтылатын болады. Және бұл тәртіп 2019 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енуі керек», – деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бас­тап ҚР Салық кодексінің 341-бабы «Кірісті түзету» 49-тармақшамен толықтырылды. Жұмыскердің салық салынатын кірісі кіріс сомасының 90% мөлшерінде түзетуге жатады. Бұл тармақшаны қолдану айлық жалақысы 25 еселенген айлық есептік көр­сет­кіштің мөлшерінен аспайтын қызметкерлердің кірістеріне қол­данылады. 1 қаңтардан бастап ең төменгі айлық есептік көрсеткіш 2 525 теңге екенін ескерсек, аталған талап 63 125 теңгеге дейінгі мөл­шерде жалақы алатын тұлғаларға қатысты болмақ.
Енді жеке табыс салығының есептелуін қарастырайық: 63 125 теңгеден міндетті зей­нет­ақы жарнасы (6 313 теңге) бір ең төменгі жалақы мөлшері (42 500 теңге) шегеріледі. Шыққан сома (14 312 теңге) 90% түзетуге жатады (14 312-12 881=1 431 теңге). 10% жеке табыс салығы осы соңғы сомадан алынады, демек 143 теңгені құрайды. (Осыған дейінгі қолданыста болған заңдылықта жеке табыс салығы 1 431 теңге болған). Жеке тұлғаның бірнеше салық агентінде 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөл­ше­рінен аспайтын жалақысы болса, салық салынатын кірісі әр қайсысында 90% мөлшерінде түзе­туге жатады.
Өз кезегінде мемлекеттік кірістер органдары салықтық құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу мақсатында заң шең­берінде салықтық ба­қылау жұмыстарын жүр­гізуге құзыретті. Бұл бағытта камералдық бақылау, яғни салық төлеуші немесе өз қызметкерлері үшін салық агент­тері табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мем­ле­кет­тік органдардың мәлі­мет­­терін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа құжаттар мен мәлі­мет­терді зерделеу мен талдау жүргізіледі.
Камералдық бақылаудың мақсаты – мем­ле­­кеттік кірістер органдары анық­таған бұзушылықтарды са­лық төлеушіге дербес жоюға мүмкіндік беру.
Камералдық бақылау ар­қылы кейбір салық төлеу­ші­лердің салық есептілігін толтыру, тапсыруында кемшіліктер анықталады, атап айтқанда, асығыс толтыру немесе нольдік көрсеткішпен тапсыра салу, салық есептілігінің кейбір қосым­шаларын толтырмау жағдайлары кездеседі.
Қателіктер тізбегінде жеке табыс салығы декла­ра­ция­сы­ның (200.00 нысан) 200.01 қо­сым­шасын толтырмау, сондай-ақ қосымша құн салығында (300.00 нысан) айналымы бар, бірақ жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты нөлдік көрсеткішпен тапсыру жиі кездеседі.

А. ЖҮНІСОВА,
Қызылорда облысы бойынша
мемлекеттік кірістер
департаментінің бас маманы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here