АҚЫЛЫ ЖОЛДАР ЕКІ ЕСЕГЕ ҚЫМБАТТАДЫ

0
246

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен төлем қабылдау пунктерінде өткізу қабілетін арттыру, көлік құралдарының кептелісін болдырмау, көліктердің жедел жүруін қамтамасыз ету және уақытты үнемдеу мақсатында 19 маусымнан бастап барлық ақылы жолдарда жол жүру ақысына дифференциалды тариф енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Баспасөз қызметі хабарлады.

Енді жеңіл автомобильдер үшін жолақысын қолма-қол төлеу 2 есе қымбат болады. Ал, төлем жасаудың төмендегі түрлерін таңдап, алдын ала ақшаны салып қойсаңыз, дифференциалды тарифте көрсетілген соманың жартысын ғана төлейсіз. Жүк көліктері үшін төлем мөлшерлемесі өзгеріссіз қалады.

Ақылы жол учаскелерінің бағасы: Нұр-Сұлтан – Щучинскте бір бағытта қолма-қол төлеу – 400 теңге, алдын ала онлайн төлеу – 200 теңге; Нұр-Сұлтан – Теміртауда бір бағытта қолма-қол төлеу – 400 теңге, алдын ала онлайн өлеу – 200 теңге; Алматы – Қапшағайда бір бағытта қолма-қол төлеу – 200 теңге, алдын ала онлайн төлеу – 100 теңге; Алматы – Қорғаста бір бағытта қолма-қол төлеу – 600 теңге, алдын ала онлайн төлеу – 300 теңге.

Төлем жасаудың түрлері: Payway.kz; Интернет-банкинг: Kaspi bank, Halyk bank, Сбербанк, Eurasian Bank, Capital Bank, АТФ Банк; Терминалдар: QIWI, Касса 24, Tenge; Касса 24 электрондық әмияны, QIWI, Wooppay, Salempay; Телефон теңгерімі; Кazdriver қосымшасы; Заңды тұлғалармен шарт.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here