СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАНДАРҒА ҚАНДАЙ КӨМЕК БЕРІЛЕДІ?

0
75

ҚР Үкіметі қандастарды (оралмандар) қабылдауға биыл 1 378 өңірлік квота бөліп, оларды солтүстік пен шығыс облыстарға қоныстандырады. Қандастардың 500-і – Павлодар, 350-і – Қостанай, 258-і – Ақмола, 150-і – Шығыс Қазақстан, 120-сы – Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныс аударады.

Азаматтарды халық саны аз өңірлерге орналастыру мақсатында Қазақстан Үкіметі 2016 жылдың 18 ақпанында оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы қаулы қабылдаған еді.

Қандастарымызға аталған өңірлерге қоныстануына байланысты материалдық көмек қарастырылады. Отбасының әрбір мүшесіне 35 АЕК  немесе 92 785 теңге біржолғы төлем төленеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Көші-қон қызметін мониторингілеу басқармасының басшысы Дастан Айтқұловтың айтуынша, тұрғын үйді жалға алу, коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін 12 ай ішінде отбасыға 15-тен 30 АЕК немесе 39 765 теңгеден 79 530 теңге көлемінде қаржы беріледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, 2019 жылы 17 661, ал тәуелсіздік алған жылдардан бері 1 057 280 этникалық қазақ тарихи отанына оралды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here