Ауруханалардағы төсек-орындардың 60 пайызы босады

0
118

Алматы облысы ауруханаларындағы төсек-орындардың 60 пайызы босады. Қазіргі күні облыс стационарларында орын тапшылығы жоқ. Елде жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді. Бұл туралы Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков мәлімдеді. 

«Алматы облысында COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда қосымша провизорлық орындар ашылған болатын. Бүгінгі күні провизорлық орындардың 40 пайызы ғана жұмыс жасап тұр. Медициналық мекемелер 4 тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастады. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады. Сонымен қатар, облыста құрылған 391 мобильді топ үйде ем шараларын тағайындау арқылы науқастар санының азаюына үлкен септігін тигізді», – деді Өмірзақ Ниязбеков.

Басқарма басшысы облыстағы барлық медициналық мекемелер вирусқа қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Қазіргі таңда Алматы облысында 3 345 адам облыстағы медициналық қызметкерлердің бақылауында тұр. Оның ішінде стационарлық емдеуде – 1 637 адам, соның 228-і – инфекциялық, 1 409-ы – провизорлық бақылауға алынған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here