Мегаполисте бірыңғай кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

0
352

2 млн халқы бар Алматы қаласында жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылғандай халықты жұмыспен қамту және шағын және орта бизнесті қолдау барлық деңгейлердегі әкімдердің қызметінің басты бағыты. Осы орайда «Almaly» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығының ашылу бастамасы қолға алынды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен ашылған «Бақытты Отбасы» орталықтарында «Іскер Ана» бағдарламасы іске асырылуда, бұл бағдарлама халықтың осал топтарына тигізген нақты көмегін дәлелдеген. Осы орталықтың жұмысы барысында өз ісін бастағысы келетін азаматтарға арналған халыққа қызмет көрсету орталықтың қажеттілігі анықталды», – дейді Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев.

Әкімнің айтуынша, «Almaly» жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығында жаңадан өз ісін бастаған кәсіпкер «бір терезе» режимінде мемлекеттік қолдау, бизнесті жүргізу бойынша белсенді сұрақтар жөнінде толық консалтингтік көмек ала алады. Бұл бастаманы «Qoldau» кәсіпкерлік орталығы, «Атамекен» ҰКП, «Almaty Finance» ЖШС, Азаматтарға арналған үкімет (ХҚКО) қолдады. Іске асырылып жатқан жұмыстың мақсаты – тұрғындарды жұмыспен қамту, өз ісін ашу және дамыту мүмкіндіктерін оңатайландыру.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here