«G-Global. XXI ғасыр әлемі» атты конгресс өтіп жатыр

0
228

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «G-Global» жобасын БҰҰ алаңына шығару және оны әлемдік игілік ретінде институттандыру жөніндегі бастамасын іске асыру шеңберінде G-Global Халықаралық Хатшылығы 18-20 қараша күндері серіктестермен бірлесіп «G-Global. XXI ғасыр әлемі» атты конгресс онлайн форматта өткізетінін хабарлады.

Конгресс аясында барлығы 7 онлайн іс-шара өткізіледі. Соның алғашқысы, яғни  «Бір белдеу – бір жол» жобасын іске асырудың тиімді тәсілі» атты онлайн-форумы дәл қазіргі сәтте өтіп жатыр. Модераторы – Дэйв Пулис, спикерлер – Энтони Дэй, Джошуа Эллул, Стивен МакКарти, Макс Ганадо, Джонатан Галеа, Элвин Чен, Асылбек Дәулетов.

Аталған іс-шара ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Іс-шараның қоса ұйымдастырушылар болып ЮНКТАД, ЭКОСОС, «Мадрид клубы» Дүниежүзілік көшбасшылар альянсы, BBC World News, жаңартылған Бреттон-Вудс комитеті  табылады. Конгресс «ФортеБанк»АҚ қолдауымен өтіп жатыр.

Конгресс жұмысына бұрынғы мемлекет және Үкімет басшылары, халықаралық қаржы ұйымдары мен ірі бизнес басшылары, әлемдік деңгейдегі жаһандық сарапшылар мен тәжірибешілер, Нобель сыйлығының лауреаттары және т.б. қатысады. Конгресс шеңберінде экономика мен сауданың тұрақты өсуінің, қаржылық дамудың, сондай-ақ білім мен инновациялардың халықаралық орталықтары ретінде қалалардың әлеуетін күшейтудің жаңа жолдары қаралатын болады.

Келесі «Жаһандық Жібек жолы» атты қала мэрлерінің форумы бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Қалған шаралардың тізімі келесідей:

– «Экономика. Сауда. Инвестициялар» атты дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция (I бөлім) » (18: 10 (UTC +6) 18.11.2020) https://e-forum.net/events/41

– G-Global. Үлкен Еуразия (20:10 (UTC +6) 18.11.2020) https://e-forum.net/events/42

– «Қазіргі жағдайдағы қаржылық саясат және тұрақты өсу стратегиясы» атты дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясы (II) (18:00 (UTC +6) 19.11.2020) https://e-forum.net/events/43

– Пленарлық отырыс. «G-Global. XXI ғасыр әлемі» (19:30 (UTC +6) 19.11.2020) https://e-forum.net/events/44

– Университеттердің жаһандық конгресі (16:00 (UTC +6) 20.11.2020) https://e-forum.net/events/45

Аталған іс-шаралар бағдарламасымен қазақстандық платформада төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) онлайн көрсетілімдерге қатыса аласыз https://e-forum.net/

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here