Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

0
549

Бүгін, 3 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына биылғы қаңтар айындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы, Ұлттық қордың алтын-валюта резервтері мен активтерінің жай-күйі туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемдік экономиканың қалпына қайта келу үрдістері, 2020 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау, инфляция мен валюта айырбастау бағамының қазіргі жағдайы жайында ақпарат берілді.

Сондай-ақ Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Ұлттық банк басшысына бірқатар тапсырма берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here