Жұмыс берушілер апталығы жалғасып жатыр

0
1164

Бүгін, 8 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Жұмыс берушілер апталығы аясында Алматы қаласы Білім басқармасы өкілдерімен кезекті кездесу өткізді.

Іс-шараға Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Мансап орталығының басшысы Гүлира Усеин, Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айсұлу Ботаева, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, студенттер мен магистранттар қатысты.

Кездесу барысында екі жақты ынтымақтастықты жаңғырту, өзара ғылыми-теориялық тәжірибе алмасу, педагогикалық практиканы жандандыру, жастарды мерзімді жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Студенттер сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Университет түлектерін мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз ету бойынша жаңа жобаларды бірлесіп іске асыру жоспарлануда.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here