Мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өтті

0
385

Жаңа оқу жылының басталуымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «Жоғары оқу орындары орта білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетуі керек» деген бастамасы аясында белсенді жұмысқа кірісті.

2021 жылдың 7-12 қыркүйегі аралығында Алматы облысы білім басқармасына қарасты Қарасай аудандық Білім бөлімімен жасалған ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін шыңдау және пәндік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Біліктілікті арттыру курсына 500-ден аса орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Білікітілік курсының құттықтау сөзін Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов сөйледі. Курс спикерлері университетпен бірлесе жұмыс істейтін «Өрлеу» БАҰО тренерлері Әлия Арзиева мен Салтанат Арзымбетова болды.

Курс барысында жаңа жағдайда педагогикалық дағдыларды меңгеру, жаңа технологияларды енгізу, онлайн және офлайн жағдайда оқыту механизмдерін екі жақты жетілдіру мәселелері талқыланып, жан-жақты талданды. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here