Алматы облысында Лепсі тарихи өлкетану музейі ашылды

0
441

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Лепсі тарихи өлкетану музейінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Шарада алғашқы болып сөз алған аудан әкімі А.Абдинов музейдің салтанатты ашылу рәсмімен құттықтап, ауыл тарихына қысқаша тоқталды. Сондай-ақ, аталған шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Берік Абдығалиұлы, Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы М.Көлбаев, Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Болат Каметұлы арнайы келіп қатысты. Еңбек ардагері У.Рабатов бата беріп, музейдің лентасын қиды.

Шараға келген қонақтар мен ауыл тұрғындарына музейдің ішіне экскурсия өткізілді.

Лепсі тарихи өлкетану музейі 2019 жылы меценат Бауыржан Кеңесбекұлы Оспановтың демеушілігімен салынған болатын. Музей үш залдан: Лепсі ауылының тарихы мен мәдениеті, этникалық және Ұлы Отан соғысы кезеңіне арналған залдардан тұрады.

1988 жылы жергілікті өлкетанушы Хайбулин Мұхаррам Ментайұлы мектепшілік музей ашып, музейде ұсынылған экспонаттардың басым бөлігінің басын құрған. Экспонаттардың тақырыбы өлкетану, ауыл шаруашылығы, нумизматика салаларын, революцияға дейінгі, кеңестік және Ұлы Отан соғысы кезеңін қамтиды. Көптеген жылдар бойы ауыл аумағынан табылған экспонаттар коллекциясы ауыл тұрғындарымен белсенді түрде толықтырылған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here