«Маңғыстау этносферасы» мәдени-танымдық шаралар топтамасы басталды

0
272

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейбітшілік пен келісім идеясын насихаттауға бағытталған «Маңғыстау этносферасы» мәдени-танымдық шаралар циклы басталды. Алғашқы шара «Корей мәдениеті: үйлесім мен үндестік әлемі» атты сұхбат алаңы форматында өткізілді.

Шараға «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Р.И.Маденова, Корей тілі орталығының директоры Сон Си Мьен, корей бірлестігінің қазіргі төрағасы Ю.Э.Айтпаева, университет оқытушылары және студенттері қатысты. Шара кафедраның әлеуметтік желілері арқылы ынта білдіруші қауымға тікелей эфирде көрсетілді.

Шара аясында корей колөнері мен ұлттық тағамдар көрмелері ұйымдастырылды. Сұхбат алаңы барысында кәрістердің қазақ еліне депортациялану тарихы, мәдени ерекшеліктері, жалпыұлттық бірлік пен келісім мәселелері қарастырылып, «Чосон» этномәдени бірлестігінің қызметі туралы бейне фильм көрсетілді.

Іс-шараға университет студенттерінің музыкалық нөмірлерімен ерекше әсер берді. Ниетуллаева Жұлдыз Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін корей тілінде оқып, «Freedom club» тобының бишілері корей халқының ұлттық биін орындады.

Шара өте жылы және достық атмосферада өтіп, Мухаммеджеев Ерланның орындауындағы екпінді домбыралық композициямен шаяқталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here