Ұстаздар ұстаханасында шағын жинақты мектептердің 163 басшысы біліктілігін арттырды

0
1375

Бүгін, 1 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Дархан Біләлов өзінің Facebook парақшасында еліміздің тұңғыш университеті шағын жинақты мектептердің 163 басшысына біліктілікті арттыру курстарын өткізгенін жазды.

Дархан Нұрланұлының жазуынша, 29 қазанда аталған мектеп басшыларына арналған біліктілікті арттыру шарасы аясында «Шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару» тақырыбында дөңгелек үстел өткен. Бағдарлама орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында осындай білім беру мекемелерінің жұмысына қажетті білім мен дағдыларды беруге бағытталған.

«Көбінесе еліміздің шалғай аудандарында орналасқан мектептер заманауи құрал-жабдықтармен және оқушыларды оқытудың инновациялық технологияларымен толық қамтамасыз етілмеген, осындай шағын жинақталған мектеп директорларына арналған курстардың маңыздылығын атап өткім келеді. Педагогикалық білім берудің флагманы ретінде университетіміз шағын жинақты мектептерге қолдау көрсетуді жалғастырады. Біз шағын жинақталған мектептердегі мұғалімдердің жетіспеушілігі, олардың басшылығы мен педагогтарына әдістемелік қолдау көрсету, олардың біліктілігін арттыру мәселелерін шешуді жоспарлап отырмыз. Ұсынылған шаралардың ішінде жас мамандарды практикаға, грантты өтеуге жіберу, пәндер бойынша мұғалімдерге арналған тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осындай мектептердегі оқу үрдісінің практикалық аспектілері бойынша кеңес беру қызметтері бар», – деп жазды университет басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here