Жаңа жылда Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды

0
418
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жасақталды. Салыстырмалы түрде айтқанда, жаңарған Үкіметтің құрамы жасарды. Мысалы, Үкімет басшысы Әлихан Асханұлы – 49 жаста. Министрлер арасында ең жасы – Асхат Қанатұлы, Әлібек Сәкенұлы және Бағдат Батырбекұлы. Үшеуі де 39 жаста. Бір атап өтерлігі, Үкімет құрамында зейнет жасындағылар жоқ. Ең үлкені – Ерлан Тұрғымбаев. ҚР Ішкі істер министрі 59 жаста. Ерлан Заманбекұлының кешегі дүрбелеңнің анық-қанығын анықтағанша өз қызметінде қалғаны дұрыс болған екен.
Президент бүгін жаңа Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді. Ал, Әлихан Смайлов Президенттің Үкіметке берген тапсырмаларының бәрі уақытылы орындалатынына уәде берді. «Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, халықтың тұрмысын жақсарту бойынша тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басты міндет болады», – деді. 
Сонымен Үкіметтің жаңа құрамы төмендегідей:
Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасының​ Премьер-Министрі;
Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы​ Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы​ Премьер-Министрінің орынбасары;
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы​ Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы​ Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан​ Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here