Қазақстандықтар 1 сәуірден бастап Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады

0
950

1 сәуірден бастап Қазақстан азаматтары Оңтүстік Корея республикасында 30 күн визасыз жүре алады. Бұған дейін Оңтүстік Корея тарапы Covid-19 коронавирустық инфекциясының жаппай таралуына байланысты ел аумағына кіруге тыйым салған болатын. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

«Оңтүстік Кореяда білім алып, сол жерде тұруға ниетті қазақстандықтар тиісті виза алуға міндетті. Ал, қазір Корея Республикасына шетелдік азаматтардың кіруін авторизациялаудың «К-ЕТА» электрондық жүйесі жұмыс істейтінін ескеруі қажет. Елге визасыз режим негізінде келетін шетелдіктерге ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын www.k-eta.go.kr сайты арқылы жоспарланған сапар туралы электрондық хабарлама түрінде өтініш беру және содан кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі. Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуе компаниясы азаматты ұшақ бортына отырғызудан бас тартуға мәжбүр болады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Корея Республикасына сапар шегетін азаматтарға осы елде қолданылатын эпидемияға қарсы шаралар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының елшілігі мекемелерінде алдын ала нақтылауға кеңес беріледі. Байланыс телефондары: +7 (7172) 57-21-00, 57-22-00 (Нұр-Сұлтан), +7 (727) 291-04-90, 291-04-49 (Алматы).

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here