Аймақтық ауызша командалық олимпиада өтті

0
2423

Сенбі, 30 сәуірде Білім мазмұнын дамыту институтының қолдауымен Алматы облысының Іле ауданында орналасқан №47 орта мектепте «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы, Ресей Жаратылыстану ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ғалым Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты аймақтық ауызша командалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың ашылу салтанатында ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті Валентина Грищенко, Білім мазмұнын дамыту институтының директоры Бауыржан Айткаримов, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жаналик Балтабаева, Іле ауданы бойынша білім бөлімі меңгерушісі Ләззат Каткеева құттықтау сөз сөйледі.

Олимпиадаға қатысушы оқушылар мен командаларға филология ғылымдарының докторы, профессор Қалбике Есенова, филология ғылымдарының докторы, профессор Қаламқас Қалыбаева, филология ғылымдарының кандидаты Құралай Мұхамади, Роза Бақбергенова сынды білім саласының майталмандары, Гүлназ Нүптекеева, Жүзімгүл Оспан, Арнагүл Маликова, Сәуле Сайдикеева, Бейбітгүл Таукенова, Анар Монтаева, Динара Жаймбаева секілді білікті басшылар мен білімді ұстаздар әділ қазылық жасады.

Олимпиадаға 98 оқушы, 20 команда қатысты. Атап айтар болсақ, Алматы қаласы және Алматы, Қызылорда облыстарынан командалар бақ сынады. Олимпиада өз деңгейінде тартысты өтті. Барлық командалар «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын басшылыққа ала отырып берілген тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасы үлкен тартыспен жеңімпаздарды анықтады. Олимпиада соңында барлық қатысушыларға, олардың жетекшілеріне сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Аймақтық олимпиададан үздік шыққан командаларға халықаралық кезеңге жолдама берілді.

Самал АЙЫПЖАН,
Білім мазмұнын дамыту институтының менеджері

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here