Ұстаздар ұстаханасында «Студенттік күз» апталығы өтті

0
248

2022 жылдың 22 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында Абай университетінің Жастар жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Студенттік күз» студенттік апталығы өтті. Апталықтың ашылуы волейболдан Чемпиондар лигасынан бастау алды. Университеттің институттары осы аптадағы барлық іс-шараларға белсенді қатысты.

Чемпиондар лигасы 22 қарашада өтті. Жүлделі орындарға келесі институттар ие болды: 

1-орын – Өнер, мәдениет және спорт институты;
2-орын – Жаратылыстану және география институты; 
3-орын – Физика, математика және информатика институты.

24 қарашада Алматы қаласының жоғары оқу орны студенттері арасында қалалық айтыс өткізілді. «Ақынмын сөз жетер сан ғасырға» айтысы талантты студенттер мен жас ақындар арасында ауқымды іс-шара болып шықты.

25 қараша институттар арасында «Екі жұлдыз» байқауы өткізілді. Студенттер және мұғалімдер немесе университет қызметкерлерімен бірге қатысуы басты талап болды. Олардың вокалдық деңгейі мен таланттардың сахналық мінез-құлқы бағаланды. Жүлделі орындарға ие болды: 

1-орын – Педагогика және психология институты:
2-орын – Физика, математика және информатика институты;
3-орын – Филология институты.

«Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы» тақырыбында онлайн байқау өткізілді. Студенттер заңғар жазушы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовке арналған бейнеролик түсірді. Арнайы комиссияның шешімімен жүлделі орындарға ие болды:

1-орын – Физика, математика және информатика институты;
2-орын – Педагогика және психология институты;
3-орын – Жаратылыстану және география институты:

28 қарашада Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында «Жайдарман» ойындары өткізілді. Бас жүлде – «Абай Кубогы». Жайдарман ойындарының жетекші командалары өздерінің күштері мен мықты кәсіби жақтарын көрсетті. «Абай кубогы» университеттің командасына бұйырды.

29 қарашада «Қызық екен» викторинасы өткізілді. Осы форматтағы викторина университет студенттері арасында алғаш рет өтті. Студенттер тарапынан үлкен қызығушылық тудырды және олар викторинаны жалғастыруды өтінді. Жүлделі орындарға ие болды:

1-орын – Тарих және құқық институты;
2-орын – Сорбонна-Қазақстан институты;
3-орын – Филология институты.

«Студент күз» апталығының соңғы іс-шарасы «Mister & Miss KazNPU» байқауы болды, ол жай ғана байқау емес, керемет шоу болды. Шараның соңында барлық студенттер мен жеңімпаздарға сертификаттар мен алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді. Жүлделі орындарға ие болды:

1-орын – Филология институты;
2-орын – Физика, математика және информатика институты;
3-орын – Өнер, мәдениет және спорт институты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here