Жүк көліктерінің ауыл, қала ішінде жылдамдықты сағатына 50 шақырымнан асыруына тыйым салынады

0
139

ҚР Ішкі істер министрлігі ауыл, қала ішінде жүк көліктерінің рұқсат етілген жылдамдығын сағатына 60 шақырымнан 50-ге дейін азайтуды жоспарлап отыр.

Министрліктің түсіндіруінше, жүк көліктерінің қатысуымен болған жол-көлік апаттарының зардабы бірнеше есе ауыр. Сондықтан мұндай жол апаттарының санын азайту мақсатында осындай норма енгізіледі. 

«Жол көліктері сағатына 50 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда өлім мен жарақат көрсеткіштері айтарлықтай төмендейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының статистикасы бойынша, жылдамдық режимін сағатына 50 километрге дейін төмендету жол-көлік оқиғасы кезінде өлім ықтималдығын 25 пайызға төмендетеді, аман қалу мүмкіндігін арттырады», – делінген Ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here