Аутизмге шалдыққан балаларға қолдау көрсету туралы оқу курсы басталды

0
574

2022 жылдың 5-13 желтоқсан күндері Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының Арнайы және инклюзивті білім берудің оқу-зерттеу зертханасы базасында Қазақстандық қолданбалы мінез-құлық талдау мамандарының қауымдастығымен бірлесіп «Аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балаға қолдау көрсету» оқыту курсы басталады.

Аутизм – әртүрлі психикалық функциялардың біркелкі қалыптаспаған, өзіндік эмоционалды – мінез-құлық, сөйлеу және кейде интеллектуалдық жетіспеушілігі бар психикалық дамудың ерекше түрі. Аутизиге шалдыққан балаға уақытылы (ерте жастан бастап) психологиялық көмек көрсету өте маңызды. Осындай жұмыстың нәтижесінде аутизмге шалдыққан балада қарым-қатынас дағдылары қалыптасады. Жеке психологиялық-педагогикалық қолдаудан кейін ғана баланы ары қарай әлеуметтік ортаға – балабақшаға немесе мектепке жіберуге болады. Мұндай психологиялық-педагогикалық жұмыс көп жағдайда мамандар мен ата-аналардың құзыреттілігінің жетіспеушілігіне байланысты уақытылы жүргізілмейді.

Курстың мақсаты – аутизмге шалдыққан балалармен жеке және топтық жұмыс істеуге қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру, олардың мінез-құлқын түзетуге арналған ғылыми дәлелденген әдістемелермен таныстыру, қолданбалы мінез-құлық талдауы (ABA) сарапшыларының әлемдік тәжірибесін талқылау.

Ұсынылған курс ата-аналарға, аутизм спектріндегі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істейтін мамандарға, психология және арнайы педагогика бағытының білім алушыларға, оның ішінде магистранттар мен докторанттарға арналған.  

Курстың лекторлары – п.ғ.д., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының директоры Абаева Ғалия Әскербекқызы, мінез-құлық талдаушысы, мінез-құлық бағдарламаларының кураторы, «Росток» АБА орталығының директоры Ахметова Жанат Бойхановна, мінез-құлық талдаушысы, «Росток Атырау» АБА орталығының директоры, BCBA толық жоғары кәсіби курсын бітірген Утебаева Умирлазат Умиргалиевна.

Өткізілетін уақыты мен күні: 5-13 желтоқсан 2022 жыл, сағат 10:00-17:00.

Өткізу форматы: офлайн, теориялық курс + практикалық сабақтар.  

Өтетін орны: Алматы қ., Төле би к-сі, 31, №19 аудитория.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here