Шілде айында әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады

0
1461

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «2023 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» үкімет қаулысының жобасын дайындады. Құжат бойынша кейбір санаттағы қазақстандықтардың жәрдемақысы 14,5 пайызға артады.

Тарқатып айтқанда, үш айдан кейін жәрдемақы мөлшері артатын санаттар:

  • мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар;
  • бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындар;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандары және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендер;
  • ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалғандар.

Бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері барлар мен олардың күтушілеріне берілетін жәрдемақыны 1 қыркүйектен бастап 14,5 пайызға арттыруды тапсырған болатын.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here