Тілдер күніне орай Қостанайда дөңгелек үстел өтті

0
699

Қостанайда Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында «Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шараны Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е.Мендекинова кіріспе сөзбен ашып, облыс көлемінде тілдерді дамыту бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы кеңінен баяндап берді.

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры Қ.Х.Жақып, филология ғылымдарының кандидаты К.Қ.Есіркепова, «Мукарама Ана» қоғамдық қорының атқарушы директоры Б.Ғ.Ертаева өздерінің өмірлік іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тіл саясаты төңірегінде сөз қозғады.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Н.С.Рамазанова қазақ тілінің қоғамды біріктіруші фактор екенін алға тартып, өзінің тілді меңгерудегі ойымен бөлісті.

Мемлекеттік тілді жетік меңгерген жастар «Тіл үйренудегі менің тәжірибем» тақырыбында қызу пікір алмасты. Әсіресе, М.Горький атындағы гимназияның мұғалімі Д.Ромащенко, Тобыл қаласындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Е.Гедзур, Рудный қаласының 5 мектеп-гимназиясының мұғалімі Г.Щепарова, Қостанай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері К.Гартман, Р.Гусеинов, «СөйлеTime» клубының қатысушылары А.Таах, Е.Порунова қазақ тілін үйренудегі қызықты сәттерімен бөлісті.

Іс шара «Тәуелсіз Отаным – Қазақстан!» тақырыбында викториналық сұрақтарға жауап берумен аяқталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here