Талғат ҚОЙБАҚОВ: «Жолдау Қарулы Күштер үшін дамудың негізгі бағыты»

0
320

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы бірінші кезекте нақтылығымен және маңыздылығымен ерекшеленеді. Жолдаудың негізгі аспектісі атына сай халықтар бірлігін сақтауға бағытталған.

Әскери адам ретінде мен үшін Жолдау – ел дамуындағы негізгі бағыт. Әрине, Жолдауда саяси, экономикалық, медициналық, әлеуметтік тараппен қатар қорғаныс қабілетін нығайтуға және ықтимал қауіп-қатерлерге шұғыл ден қоюды арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Мемлекет басшысы Қорғаныс өнеркәсібі кешені мен Әскери доктринаны қайта қарау міндетін қойды. Бұл шекаралас мемлекеттердегі және біздің аймақтың одақтас елдеріндегі қазіргі саяси жағдайға тікелей байланысты.

Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде өңірлік және жаһандық қауіп-қатерлердің өсуін ескере отырып, жаңа жүйелі тәсілдерді қабылдау қажет. Бұдан қолданыстағы Әскери доктринаның ережелерін қайта қарастыру қажеттілігі туындайды. Себебі әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері дамудың жоғары серпінділігімен және болжамсыздығымен сипатталатын әлемдегі әскери-саяси ахуалға сай болуы тиіс. Қорғаныс ведомствосының басшылығы басқа да мемлекеттік органдармен бірге соғыс жағдайын енгізу кезінде немесе шынайы әскери қауіп-қатерлер туындаған кездегі өзара іс-қимылдың аталған мәселелерін пысықтауда.

Өз кезегінде, Құрлық әскерлерінің жеке құрамы ел басшылығының барлық бұйрықтарын орындауға әзір.

Біз жауынгерлік даярлық бағдарламасын үнемі жетілдірудеміз, жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілуде. Оқу-жаттығуларда  қазіргі заманғы әскери қақтығыстарды ескере отырып, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа түрлері мен тәсілдері пысықталады. Мәселен, «Отпантау – 2021» оқу-жаттығуында танк және мотоатқыш бөлімшелерінің «Сақ қорғаны» және «Үңгір шоқпар» секілді тәсілдерді қолдану сәтті көрсетілді. Көшпелі минаатқыштарды қолдана отырып, тактикалық әдістер сыналды.

Генерал-майор Талғат ҚОЙБАҚОВ,

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here