Педагогикалық жоғары оқу орындары ынтымақтастықты арттыруда

0
1253

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті қырғызстандық бірқатар жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты арттырады. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Бішкекте басталған Қазақстан және Қырғызстан жоғары оқу орындары ректорларының форумы қарсаңында Университетіміздің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті мен А. Мырсабеков атындағы Ош мемлекеттік педагогикалық университетімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Құжат академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттер, профессор-оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер алмасуды, білім беру мен ғылыми байланыстарды арттыруға бағытталған конференциялар, семинарлар мен жиындарды үйлестіруді қарастырады.

Сондай-ақ меморандумда академиялық ақпараттармен, оқу-әдістемелік құралдармен және материалдармен бөлісу, өзара келісім-шарттар негізінде басқа да академиялық ынтымақтастықтар орнату көзделген.

Кездесуде Гүлмира Қанай жоғары оқу орындарының ортақ ұқсастықтары жайында сөз қозғап, тараптар түрлі бағыттағы қарым-қатынастарды нығайтудың мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры Толобек Абдырахманов пен А. Мырсабеков атындағы Ош мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Бекмурза Зулуев ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендіктерін жеткізді.

Маркетинг және коммуникациялар департаменті

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here