«Жайдарлы Жетісу – 2021» Республикалық жайдарман ойыны өтті

0
934

Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында «JETISU STYLE» облыстық жастар фестивалі аясында 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күніне орай Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарлы Жетісу – 2021» Республикалық жайдарман ойыны ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – қазақша жайдарман ойындарын дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу, ой қабілетін дамыту, жастардың өмірге деген позитивті көзқарасын ұлғайту.

Ойынға республикамыздың әр өңірінен 12 команда қатысты. Олар: Семей қаласынан «Әуезов» құрамасы, «АТУ» құрамасы, «Энерго» командасы, Талдықорған қаласынан «Стиль» командасы, Көксу ауданынан «Жарлыөзек» құрамасы, «Фемида.Элемент.Грант» құрамасы, еркін құрама «Қабырғалар», Алматы қаласынан «Crush» құрамасы, Жетісу Университетінен «Креатив» командасы, Орал қаласынан «Белес» құрамасы, Алматы облысының құрамасы «Шапалақ» командасы және Өскемен қаласынан «Голд» командасы қатысты.

Жеңімпаздарды Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Сапаров Елдар Қайсарұлы марапаттады. Ойынның қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» аталымын Көксу ауданынан «Жарлыөзек» құрамасының ойыншысы Есілжан Хурметбек алды, жүлделі 1-орынды 300 мың теңге ақшалай сыйлықпен «Креатив» командасы, 2-орынды 200 000 мың теңге «АТУ» құрамасы, 3-орынды 100 000 мың теңге Алматы облысының құрамасы «Шапалақ» командасы жеңіп алды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here