Студенттер бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM фестивалін өткізді

0
1890

Алматыда М.Мәметова атындағы No28 мектеп-лицейінде Абай университетінің студенттерінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына арналған STEM фестивалі өтті.

Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен студенттердің STEM-білім беруге деген қызығушылығын арттыру, балалардың қызығушылығын қолдау және дамыту, ғылым, технология, инженерия, математика және күнделікті өмір арасындағы байланысты көрсету.Фестиваль бағдарламасы жоғары сынып оқушыларының жетекшілігімен балалардың STEM (ғылым, технология, инженерлік, математика) станциялары арқылы қызықты саяхатын қамтыды. Олардың көмегімен бастауыш мектеп оқушылары логикалық есептерді шешіп, ғылыми тәжірибелер мен фокустар жасап, құрастырды.

STEM-фестиваль қорытындысы бойынша әр оқушы қатысушы дипломын, 10 сынып оқушылары модератор дипломын, мұғалім мен ата-аналар ұйымға көрсеткен көмегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Фестиваль жас оқушылар үшін мазмұнды және жарқын, қызықты оқиғаларға толы болды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here