Алматыда шетелдік мамандар сабақ өткізіп жатыр

0
1058

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери медицина орталығының базасында Нидерландыдан келген мобильді-жаттығу тобы сарапшыларының қатысуымен оқыту курсы өтіп жатыр.

Медициналық жоспарлау курсына әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау және медициналық барлау дәрістері кіреді.

Сарапшылар бітімгерлік миссияларға қатысатын әскери-медициналық мамандарға арналған медициналық қолдау және жоспарлау доктринасы, сондай-ақ әртүрлі нұсқаулықтар секілді құжаттаманы ұсынды.

Сабақтарда медициналық барлауды талдау әдістері мен мәліметтерді жинау мәселелері талқыланып, нақты жергілікті жердің мысалында ситуациялық міндеттер шешілді. Курс медициналық іс-шараларды жоспарлау, ықтимал санитарлық шығындар, логистика, әскери қызметшілердің денсаулығын қорғау жөніндегі ұсынымдарды қоса алғанда, алдын алу медицинасы мәселелерін қамтитын миссияны медициналық қамтамасыз етуді көздейді.

Курс 17 маусымға дейін жалғасады. Сабақ соңында тыңдаушыларға тиісті сертификаттар тапсырылады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here