Әдеби байқауда қарашаңырақ оқытушыларының шығармасы топ жарды

0
1116

25 қыркүйекте Ольга Маркованы еске алуға арналған Qalamdas әдеби сыйлығының бірінші маусымы жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталды.

1 наурыздан 15 мамырға дейін Қазақстанның түрлі өңірлерінен 172 өтінім берілді, оның ішінде 76-сы – қазақ тілінде және 96-сы – орыс тілінде. Атап айтқанда, үміткерлер Астана, Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Тараз, Талдықорған, Өскемен, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарынан қатысты.

«Әдеби сын» номинациясы бойынша «Qalamdas-2022» (орыс тілі) әдеби сыйлығының жеңімпаздары тізіміне Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары Людмила Сафронова және Эльмира Жанысбекова бірлесіп жазған әдеби-сын мақаласы енді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here