Балабақшада ашық сағаты өтті

0
959

№11 «Таңшолпан» балабақшасы, «Нұршуақ» тобының тәрбиешісі Гүлнар Биғалиқызының ұйымдастырумен «Қазақстан – мәңгілік елім» атты ашық өнеге сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты – оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

«Нұршуақ» тобының кішкентей тәрбиеленушілері Мемлекеттік рәміздерді  дәріптеді. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – халқымызды қастерлеу. Бүлдіршіндер рәміздерге қатысты өлең жолдарын жатқа айтты. Ән айтап, би билеп, өнерлерін көрсетті. Әнұранымызды жүрек тұсына қолдарын қойып, өте жақсы орындады.

Елімізде мәңгі тыныштық болсын! Азат Қазақстан мәңгі жайнай берсін, жарқырай берсін! Баршаңызға бақыт, шаңырақтарыңызға шаттық тілей отырып, «Нұршуақ» тобының кішкентай бүлдіршіндеріне әр атаулы мерекеде осындай шараларды өткізіп, ой санасын арттырып отырған Гүлнар Биғалиқызы Есенгельдиеваға ата-аналар атынан мың алғыс айтамыз.

Райгүл САДЕШОВА

АТЫРАУ ҚАЛАСЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here