Тауық шаруашылығына 2,5 пайызбен бюджеттік несие беріледі

0
357

Биыл тауық шаруашылығымен айналысатын фермерлерге 2,5 пайызбен бюджеттік несие беру жоспарланған. Бұл туралы Үкімет кулуарында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қазір фермерлер ішкі нарықты тауық етімен 50-55 пайызға ғана қамтамасыз етіп отыр, яғни бұл көрсеткішті көтеру қажет.

«Ішкі нарықты қамтамасыз ету керек. Өткен жылы тауарлық сүт фермаларға 100 млрд теңге бюджеттік несие бердік. Биыл тауық етімен қамтамасыз ету үшін фермерлерге сондай бюджеттік несиені 2,5 пайызбен 10 жылға беру жоспары бар», – деді министр.

Серік Жұманғарин ішкі нарықты екі жылдың ішінде толығымен тауық еті, сүт өнімдері, балық, көкөністермен қамтамасыз ету жоспары бар екенін айтты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here