Түркияның төрінде қазақ домбырасы

0
804

Анадолы елінің Бас қаласы Ыстанбұлдағы Қазақ диаспорасының өкілдері көп тұратын Зейтұнбұрын ауданында ұлттық өнеріміздің асыл қазынасы «Домбыра» үйірме курсының ашылу салтанаты өтті. 800 мың халық тұратын Аудан орталығындағы Абай ескерткіші алаңына жақын Абай атындағы мектеп-лицесінде өткізілді. Ыстанбұлдағы Қазақстан Бас консулдығы ұйымдастырған кездесуде Зейтұнбұрын аудан әкімі Адем Услу (Adem Uslu), Бас консул Нұриддин Аманқұл арнайы құттықтау сөз сөйледі.

Шетелдерде Қазақстанды таныту, халықымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін нәсихаттау ісінде әсіресе ұлттық өнердің символы домбыра, қобыздың алар орны ерекше. «Нағыз қазақ – домбыра» -дегендей, бұл өнерді дамыту барынша қолға алынуда. Атажұрт Қазақстаннан 80 домбыраға арнайы тапсырыс бердік. Міне, Түркиядағы Қазақ елшілігі, аудан әкімшілігі және Абай мектебінің келісімімен осы курсты ашуға бастамашы болып, 30 домбыраны сыйға тартып отырмыз. Қазақ өнерінің биік шыңы домбыра үрдісі мәңгі жасайды – деді, Бас консул Н. Аманқұл.

Түркия мен Қазақстан арасындағы байланысты дамытуға үлес қосқан «Borusan Cat» команпясының басшысы Адынан Кескін (Adnan Keskin), осы домбыра аспаптарын жасайтын шеберхананың және Қазақ ұлттық киімдерін әзірлейтін «Ozge Epic» қорының төрайымы Мақпал Жұмабай, Ыстанбұлдағы «KATEAD» Қазақ түркілері оқу ағарту зерттеу қоғамының басшысы, халықаралық «Үркер» сыйлығының иегері Ертолқын Гайратуллаһ, өз ойларын ортаға салды. Домбыра курсына өнер танушы, Малтепе университеті өнер факультетінің оқытушысы Седад Шолақұлы жетекшілік етеді. Ол Түркістандағы Қазақ – Түрік университетінің өнертану факультетінде оқыған, ұстаз, күйші Седад домбырада «Адай» күйін алғашқы дәріс есебінде орындады.

Бас консул Нұриддин Аманқұл және ұлттық үлгідегі киімдерді және домбыра шеберханасының басшысы Мақпал Жұмабай, аудан әкімі Адем мырзаға, әкімшілік басшысы Серташ мырзаға, «Borusan Cat» команпясының басшысы Адынан мырзаға Қазақ шапанын иығына жапты. Мектеп директоры Енес Дағлы мырзаға 30 домбыраны тапсырды. «KATEAD» Қазақ түркілері оқу ағарту зерттеу қоғамының атынан «Kazak Turkcesi Dilbilgisi» кітабі табысталды. Шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі, Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс жүргізді.

Жиынға қатысушыларға, домбырашы жас өспірімдерге Қазақ диоспрасының көрнекті өкілі, белгілі кәсіпкер Фазыл Топлы ақ тілекпен батасын берді. Кездесуге Зейтұнбұрын ауданының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, Түркиядағы Әділет және даму партиясының алқа мүшесі, Қазақ қызы Рашида Зейнешқызы, Ыстанбұл университетінің профессоры Феткі Ахмет Юксел, «KATEAD» қоғамынын Ерол Жолшы, Әсия Саваш, «Исмил көй» қоғамының басшысы Меһмет Әлім, «Шаңырақ» орталығының жетекшісі Данияр Иманбақ, Қазақстан телеарнасының Түркиядағы тілшісі Айдос Әшім, мектеп мұғалімдері қатынасты.

Ержан Уәйіс, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here